"ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев Әзербайжан арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау мүмкіндігін талқылау мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Әзербайжандық тараппен қазақстандық мұнайды тасымалдау мүмкіндігі туралы келіссөздер әртүрлі деңгейлерде, соның ішінде мемлекеттік, ұлттық компаниялар деңгейінде жүргізіліп жатыр. Келісімге қол жеткізген кезде толығырақ хабарлаймыз. Қазақстандық мұнай Әзербайжанның Баку - Тбилиси - Джейхан және Баку - Супса құбырлары арқылы тасымалдануы мүмкін", - деді Қарабаев брифингте.
Ол келіссөздер белсенді жүргізіліп жатқанын, бірақ әлі аяқталмағанын атап өтті.