29 ақп, 2020 сағат 17:48

Азаматтық қоғам өкілі кәмелеттік жасқа толмағандардың митингке қатысуына қарсы

«Қарағанды облысының кәсіподақтары» облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Жанна Уалиева 18 жасқа толмағандардың митингтерге қатысуына қарсы екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ол Нұр-Сұлтанда өткен бейбіт жиналыстар туралы заң жобасын талқылау кезінде мәлімдеді.

«Бізде айтылған нормаға қатысты шағымдар бар. Заңда «қатысушы» деген ұғым бар. Қатысушы - бұл 18 жасқа толған адам. Неге қатысушының жасы төмендеуі керек? Бұған сақтықпен қарау керек. Бірқатар негізді идеялар бар. Бұл тұрғыда біз балалардың қатысушы болуына қарсымыз. Балалар ҰБТ-ға дайындалудың орнына, митингтерге барып, өз пікірлерін айта ма? Ұйымдастырушылар бұл балаларды өз мақсаттары үшін қолдануы мүмкін», - дейді Жанна Уәлиева.

Оның пікірінше, бейбіт шерулер саяси идеяны ғана ұстанбайды.

«Әртүрлі қауымдастықтар бар. Егер біз балаларға 14 жастан бастап бейбіт шеруге қатысуға рұқсат етсек, осы жастағы балалар норманы бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын түсінуіміз керек. Сонда бізде 14 жастағы сотталушылар болады және олар қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?», - дейді ол. 

«Қарағанды облысының кәсіподақтары» облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Жанна Уалиева бұл заң жобасы Қарағандыда қызу талқыланып жатқанын айтты.

«Талқылауға қоғам мен мемлекеттік құрылым белсене қатысты. Заң концептуалды, заңның идеясы бар. Идея жиналыстарда конституциялық құқықтарды қамтамасыз етуге негізделген», - дейді Жанна Уәлиева.