Фото: fingramota.kz
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың қандай жағдайда Ұлттық қордан қаражат ала алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қуантыров Үкімет отырысында балалардың есепшотына түсетін ақшаға салық салу жоспары жоқ екенін айтты.
"Егер бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды, олар басқа балалар арасында бөлінеді. Егер азамат тұрақты тұруға көшіп кетсе, бірақ 18 жасқа дейін азаматтығын сақтаса, Қазақстан азаматы болса, бұл ақша оның өзінде қалады", - деді министр.
Ол 2022 немесе 2023 жылдарға арналған қаражат келесі жылға жоспарланғанын айтты.