27 қыр, 2022 сағат 18:38

"Азаматтарға арналған үкімет" ХҚКО-лар жұмысы туралы пікір білдірді


2022 жылдың басынан бері Қазақстанда ЖСН алуға 320 мың өтініш қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жыл басынан бері ХҚКО-ларда бейрезиденттерге ЖСН беру бойынша 320 мыңнан аса өтінім қабылданды. Олардың 97 мыңы - Ресей азаматтары. Кеше ғана осындай 13 мыңнан аса өтінімді қабылдап, барлық жағдайды жасап жатырмыз", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ өкілдері.

Қазақстан азаматтарына басымдық берілгені айтылды.

"Барлық ХҚКО-лар қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Осы ағынды байқағаннан кейін шетелден келген азаматтарға күшейтілген тәртіпте қызмет көрсететін сегіз ХҚКО бөлдік", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.