27 жел, 2018 сағат 08:18

Азамат Сатыбалды басшылық қызметке тағайындалды

Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров желідегі парақшасында хабарлады.

"Азамат Сатыбалды - еліміздің театр және кино өнеріндегі белгілі есім. Қазақстанның өнер кеңістігінде өз жолы, өз биігі! Өзінің кәсіби өнерде тұсауы кесілген М.Әуезов театрының саxнасында ұлттық және әлемдік классикалық драматургияларындағы керемет образдарын сомдап келеді! Азамат сомдаған саxна мен экрандағы бейнелер - қазақ жастары үшін жарқын үлгі! М.Әуезов атындағы театрдағы актерлік жұмысынан бөлек, 3 жыл бұрын өзі құрған "28 Cinema” компаниясы және "28-Teathre” театрының көркемдік жетекшісі, бас директоры болып еңбек етіп келеді. Жеке театрымен Еуропадағы, Түркиядағы, Ресейдегі xалықаралық театр фестивалдеріне қатысып Қазақстан өнерін шет елдерде дәріптеп, өзін мықты актер ғана емес, кәсіби менеджер-ұйымдастырушы ретінде дәлелдей білді. Жастарды қолдауға арналған республикалық қоғамдық комиссиялардың мүшесі" деп жазды Асхат Максимұлы.


Азамат Сатыбалды бүгін Мәдениет және спорт министрі А.Мұxамедиұлының бұйрығымен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директорының міндетін атқарушы болып тағайындалған. Театр ұжымына жаңа директорды ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырған екен. 

Бұған дейін аталған театрдың Директоры қызметін Сәбит Әбдіхалықов атқарып келген болатын.

Айта кетсек, Азамат Сатыбалды  1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысыТұрар Рысқұлов ауданында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.