05 қыр, 2025 сағат 11:11

Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт медаль иеленді


Фото: оқу-ағарту министрлігі


EJOI-2025 IX информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында ел қоржынына 4 жүлде түсті, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.


Олимпиада Болгарияның Шумен қаласында өтті. Байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысты. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды.


"Қазақстан құрамасының төрт мүшесі жүлдегер атанды. Біздің оқушылар ел қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды", - дейді ведомстводағылар.



Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт медаль иеленді


Жүлде иеленгендер:


Күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы.
Қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;
Қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;
Қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы.



EJOI-2025 олимпиадасында қазақстандық оқушылар білім деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді, дейді министрліктегілер.