16 нау, 2021 сағат 08:11

Аймақ әкімдері қауіпті инфекциялардың алдын алу шараларын жүргізуі керек - Алексей Цой

Аймақ әкімдері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу шараларын қолға алуы керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан аумағында табиғи оба, туляремия, геморрагиялық қызба (геморрагиялық қызба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы), сібір жарасы және басқа зоонозды инфекциялар бар. Алдағы эпидемиялық маусымға байланысты аймақ әкімдері тұрғындар арасында ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алу шараларын уақтылы жүзеге асыру қажет», - деді Алексей Цой. 

Оның айтуынша, еліміздің оңтүстік аймақтары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының жиілігі бойынша эндемикалық болып қала береді.

«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиялық маусымы басталуы қарсаңында аймақ әкімдері бұл аурудың алдын-алу шарасын қолға алуы қажет. Атап айтқанда: буферлік аймақтарды құру, мал мен мал ғимараттарын, елді мекендердегі жеке шаруа қожалықтарын, қоршау мен оның айналасын кенеге қарсы өңдеу керек.

Өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл медициналық көмек және басқа да тар мамандықтардағы медициналық қызметкерлердің қырағылығы мен дайындық деңгейін арттыру бойынша шараларды Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын ерте анықтау және дифференциалды диагностикалау тұрғысынан жүзеге асыру қажет», - дейді ол.