15 нау, 2021 сағат 09:00

Аймағамбетов дарынды балаларды қолдау қадамдары туралы айтты

«Мың бала» жобасын іске асыру жалғастырылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы еліміздің дарынды балалары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 437 медаль жеңіп алды. Ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтау және қолдау жөніндегі «Мың бала» жобасын іске асыру жалғастырылады. Ол өте жақсы нәтижесін көрсетіп отыр», - деді министр. 

Осы орайда ол дарынды балаларды қолдау жұмыстарын кешенді түрде жалғастыру керектігін атап өтті. 

«Бұл тұрғыда «Мың бала» жобасы, республикалық әрі президенттік олимпиадалардың жаңа үлгілері енгізіледі. Оған жақында қабылданған заңның аясында қосымша білім алуға кең мүмкіндік беруі үшін мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Мұнда да конкурс негізінде өтеді және жекеменшік ұйымдарға орналастырылғаннан кейін, қосымша біліммен қамту деңгейін әлдеқайда ұлғайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деді А. Аймағамбетов. 

Министрдің атап өтуінше, өңірлерде осындай ұйымдарды дамыту керек. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомство басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде мектептерді бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз, жылы әжетханалармен 99 пайыз қамтамасыз етілгенір айтты.