Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауының ұзақтығы - 1 сағат 18 минут.
Бұл уақыт тарих беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының - Жаңа Қазақстанның бастауы болады.
Мемлекет басшысының жариялаған шешімдері қандай мұқияттылықпен қабылданса, алға қойылған міндеттерді дәл солай жүзеге асыру маңызды.
Бүгінгі Жолдау жүрегімізден айрықша орын алғанына келісесіздер деп ойлаймын.
Отандастарымды Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуымен құттықтағым келеді. Құтты болсын!" - деп жазды ол Facebook желісінде.