03 қар, 2022 сағат 18:58

Әйелін лифтіде аяусыз соққыға жыққан ер адам сотталды


Астанада әйелін лифтіде соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Есіл ауданының №2 аудандық соты оны кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

"Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты әйелін бірнеше рет қатыгездікпен және жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша Б.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды", - делінген хабарламада.

Соталды тергеу барысында 2018 жылдан 2020 жылға дейін жүкті екенін және материалдық тұрғыда күйеуіне тәуелді екенін біле тұра күдікті әйеліне физикалық және психологиялық тұрғыда зиян келтірген. 

"Айыпталушы Б.-ның кінәсі дәлелденіп, сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушінің пайдасына сотталушыдан екі миллион теңге сомасында моральдық залалдың өтемақысы және 4 миллион теңгеден аса мөлшерде материалдық залал өндірілді", - делінген хабарламада.