11 қаң, 2022 сағат 18:55

Айбек Дәдебаев Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды


Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы лауазымына тағайындалсын», делінген Президент Жарлығында. 

Айта кетерлігі, бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.