23 жел, 2021 сағат 19:55

Ауыл шаруашылығы министрлігі елорданың сол жағалауына көшеді


Ауыл шаруашылығы министрлігі елорданың сол жағалауында орналасқан Министрліктер үйіне көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Бұл қадам Ауыл шаруашылығы министрлігі ұжымын Қазақстан Республикасының барлық басқа министрліктері мен ведомстволары орналасқан ғимаратқа жақын жерге көшіру үшін жасалып отыр. Әрине, бізге қаланың басқа ауданында, алыстау жерде отыруға болар еді. Бірақ та бізге дәстүрлі түрде барлық министрліктер отырған жақын жерде жұмыс істеген жөн деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмысына да оңтайлы әсер етеді», - деді аталған ведомствоның басшысы Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникацияар қызметінде. 

Оның айтуынша, көшіру іс-шараларын қаржыландыру басқа бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал етпейтін болады. 

«Бұл қаражат басқа бағдарламалар бойынша бағытталады және ауыл шаруашылығын, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру бағдарламаларына ықпал етпейді», - деді министр тілшілер сауалына жауап бере отырып.