10 там, 2020 сағат 14:33

Ауруханалардағы орын 60 пайызға босады – ДCМ

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ауруханалардағы жағдай бойынша айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Карантиннің 5 аптасында, осы шілде айының басынан бері ауруханалардағы орындар 60 пайызға босады. Оның ішінде жансақтау сақтау бөліміндегі орындар 58 пайызға дейін босап отыр. Жедел жәрдемге хабарласу айтарлықтай азайды, КВИ бойынша 68 пайызға төмендеді. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жазылып шыққан науқастардың саны 73 пайызға өсті», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Бұдан бөлек ол басқа ауралардан болатын өлім-жітім жағдайы бойынша мәліметтерді айтты.

«Жалпы, Қазақстанда ауру түрлері мен өлім-жітім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда оң нәтижелі болып отыр. Қуаныштысы - бала туу көрсеткішінің өсімі де байқалып отыр және керісінші, нәрестелердің өлімі 13,3 пайызға төмендеген. Тағы бір жағымды жаңалық, Қазақстанда туберкулездан болатын өлім 20 пайызға дейін азайған», - деді Бағдат Қожахметов.