Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел үшін де, халық үшін де маңызды саяси бастамалар ұсынған болатын. Атап айтсақ, президенттікке бір рет қана сайлана алуы мен 7 жылдық мерзімнің белгіленуі. Елінің жанашыр азаматы ретінде Мемлекет басшысының бастамаларын, идеяларын толықтай қолдаймын.
Өйткені 7 жылдық бірреттік президенттік – әлемде әлі аса кең таралмаған тәжірибе. Еліміз үшін бұл жаңа серпін береді. Себебі, президенттікке 7 жылға сайланған үміткер, билікке белгіленген мерзімде ғана жоба-жоспарларын, мақсаттарын жүзеге асыра алатынын жақсы біледі. Сол себепті де, саяси реформаларын толықтай орындалуын бақылайды. Оның үстіне, бір адамның қолында ұзақ, шексіз билік болмайды. Сонымен бірге, ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін 7 жыл жеткілікті деп есептеймін. Мұндай қадам – ел дамуының қарқынын арттыру үшін де маңызды. Елімнің қамын, жұртының әлеуетін жақсарту мақсатында істеліп жатқан игі бастамаларды халық та қолдайды деп ойлаймын.
Досымжан Таңатаров,
Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, әнші