Фото: видеодан скриншот
Tiktok әлеуметтік желісінде бет-аузын қара орамалмен тұмшалаған қыздардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Видеода 7 қыз «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» әнін қойып, көкке қарап саусақтарын шошайтқан. Олардың біреуі туды жамылып тұр.
Бұл видеоны көргендер үрейленіп:
«Қорқынышты, апаларымыз бұлай киінбеген. Былай киінген қате, дұрыс емес. Жамылғанның ішінде қару барлары бар шығар. Байқау керек. Арабқұлдар. Қазіргі заманның ниндзялары», - деп жазған.
Видеода «Болды халқым, таң-азанмен Ауғанстанға кетеміз» деген жазу бар.