FlyJet.kz әуекомпаниясы Қайрат Сатыбалдыұлына жеке ұшақ бермегенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде FlyJet.kz әуекомпаниясы Қайрат Сатыбалдыұлына жеке борт берді деген ақпарат пайда болған еді. Сондай-ақ, кәсіпкер Алматыдан Түркияға жеке ұшақпен ұшып кетпек болған жерінде ұсталғаны хабарланды.
FlyJet.kz компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Компания өкілінің айтуынша, олар ұшақтарын Қайрат Сатыбалдыұлына бермеген.
"Егер сіздерді қызықтыратын болса, Flightradar24 сервисінен борт нөмір бойынша қарай аласыз. Бұл біздің компания емес. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ұшақтарымызды бұл адам пайдаланбайы", - деді компанияның коммерциялық директоры Олег Шемякин.
Еске салайық, бұған дейін қылмыс жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.
921 рет оқылды