Сурет: Atpress
Атырауда Жеңіс саябағында 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлады. Алған жарақаттары салдарынан ол ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Аtpress порталына сілтеме жасап.
Апат қатты желмен нөсер болған кезде болған. Ұлы отан соғысы ардагерлеріне орнатылған ескерткіштердің бірі желдің екпініне төтеп бере алмай, саябақтақта серуендеп жүрген қызға құлаған.
Қыз алған жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Полиция бұл факт бойынша қазіргі уақытта тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.