15 шіл, 2024 сағат 11:07

Атырауда қыздың қайтыс болу ісіне байланысты нұсқаушы күдікке ілінді

Сурет: YK.news.kz

Атырауда қыздың қайтыс болу дерегі бойынша бассейн қызметкерлерінен жауап алу жалғасуда. Дереккөздің айтуынша, жаттықтырушы іс бойынша күдікке ілінуі мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Orda.kz басылымына сілтеме жасап.

"Бассейннің барлық қызметкерінен жауап алынып жатыр. Қайғылы оқиға кезінде кешенде нұсқаушы мен жаттықтырушы болған. Нұсқаушы келушілердің қауіпсіздігіне жауап береді. Сондықтан ол күдікке ілінді", - деді Orda.kz редакция дереккөзі.  


Бұл ретте орталық бассейн дирекциясы суға батқан қыз туыс әпкесімен бассейнге келіп, 16:00-ден 17:00-ге дейінгі бір реттік сессияға билет сатып алғанын хабарлады.

"Тереңдігі бір метр балаларға арналған бассейннің болғанына қарамастан, бала неге екені бассейннің тереңдігі 2.5 метр болатын ересектерге арналған бөліміне кірген", - деп хабарлады "Мұнайшы" орталық жүзу бассейнінің әкімшілігі.