02 там, 2021 сағат 14:44

Атырау тұрғыны «сөмкемде бомба бар, жарып жіберемін» деп елді қорқытты


Атырауда 45 жастағы азамат «сөмкемде жарылғыш зат бар, жарып жіберемін» жалған хабар берген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Полицияға кеше, 1 тамызда сағат 21:45 шамасында жарылғыш зат туралы хабар түсті. Осыған байланысты полиция қызметкерлері арнайы жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Тексеру кезінде 1976 жылы туған азаматтың «Қолымда жарылғыш зат салынған сөмке бар, жарып жіберемін» деп жалған хабар бергені анықталды. Күдікті сол сәтте мас болған», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазір полицияға жалған хабар берген азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеу жүріп жатыр.