07 ақп, 2023 сағат 10:29

Атырау облысында екі сәбиін сатқан әйел ұсталды

Фото: Polisia.kz видеосынан алынған кадр

Атырау облысында екі сәбиін сатты деген күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 жылғы және 2022 жылғы сәбилерін сатқан 1991 жылы туған БҚО-ның тұрғынын анықтаған.

"Аталған дерекке қатысты ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - делінген хабарламада.