Фото ашық дереккөзден алынды
"Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасөспірім 7 тамызда №625 "Атырау-Астрахань" пойызында қайтыс болған. Мектеп оқушысы лагерьге балалар тобымен бара жатқан. Олардың жанында төрт ересек адам болған. Тамақты өздері алып келген.
Баланың жағдайы пойыз жылжығаннан кейін 1,5 сағаттан соң нашарлаған.
"Пойыз бригадасы нұсқау бойынша әрекет етті, жедел жәрдем шақырылды, ол Нарын станциясына келді. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенде баланың қайтыс болғанын анықтады", - делінген хабарламада.
Өлім себебі сараптамадан кейін белгілі болады.