«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметіне функционалдық талдау жүргізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметін реформалау бойынша палата қызметіне функционалдық талдау жүргізу жоспарлануда. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша ұлттық палата қызметі шағын және орта бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға қайта бағдарланатын болады», - деді Әлібек Қуантыров.
Министрдің атап өтуінше, ол үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметі мәселелері бойынша заңнамаға тиісті түзетулер әзірленеді.
«Бұл күшті және бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнесті қалыптастыруда қосымша институционалдық құралға айналады», - деді ол.