Астанада сапармен жүрген Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желіде суреттер бөлісіп, Қазақстанды "ата-бабамыздың жері" деп атады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Ata topraklarımızda… ("Ата-бабаларымыздың жерінде")", - деп жазды Түркия басшысы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Ердоған Қазақстан Президентінің шақыруымен сәрсенбі, 12 қазанда Астанаға келді.
Ол Тоқаевпен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты.
Тоқаев Ердоғанмен кездесуінде оған 1-дәрежелі "Достық" орденін тапсырып, Түркияны "Қазақстанның ең жақын және сенімді стратегиялық серіктесі" деп атады.
13 қазанда Түркия басшысы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) алтыншы саммитіне қатысады.