14 там, 2024 сағат 11:43

Ата-аналар Сара Назарбаева ашқан «Бөбек» қорын өзгертуге қарсы шықты


Ата-аналар Сара Назарбаева негізін қалаған «Бөбек» орталығын қайта құру бастамасына қарсы шығып, петиция жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқу-ағарту министрлігі бұрын «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығын «Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ретінде қайта құруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.

Ата-аналар бұл өзгерістің орталықтағы қызмет сапасына теріс әсер ететінінен алаңдап отыр.

«Бөбек» орталығы өз кәсібилігінің, тәжірибесінің және білім мен сауықтыруға деген бірегей көзқарасының арқасында ата-аналар мен балалар арасында сұранысқа ие болды. Бұл орталыққа түсу оңай емес, көптеген ата-ана балаларына дәл осы жерде оқуға және дамуға мүмкіндік беруге тырысады. Біз орталықты қайта құру балаларымызға жасалатын жағдайлардың нашарлауына әкеп соғады және қалыптасқан балансты бұзады деп санаймыз. Біз оқу-ағарту министрлігінен «Бөбек» орталығын қайта құруға қатысты жоспарын қайта қарауды сұраймыз. Оның басқару формасын өзгерткенше, оны дамыту мен қолдауға инвестиция құйса құба-құп болар еді. Біз орталықтың қазіргі күйінде сақталғанын қалаймыз және балаларымыздың болашағы үшін оның мүддесін қорғауға әзірміз», - делінген петиция мәтінінде.


Петицияға 50 мың адам қол қойса, оқу-ағарту министрлігі оны қарауға міндетті болады.

Еске салсақ, Сара Назарбаева 1992 жылдың ақпанында «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалап, қордың президенті қызметін атқарды.