Фото: ©РИА Новости
Астрахань облысы билігі Қазақстанмен шекарада уақытша ішінара мобилизация пунктін ашуға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі аймақ губернаторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жақын күндері Қазақстанмен шекарада әскерге шақыру қағазын беретін уақытша ішінара мобилизация пункті ашылады", - делінген хабарламада.
Краснояр өлкесі аумағында "Қараөзек" бақылау-өткізу пункті – Қазақстанға автокөлік өткізудің негізгі пункті орналасқаны атап өтілді. Мұнда елден кеткісі келетіндердің ұзын сонар кезегі жиналған.