Фото:azh.kz
Елордада 1,2 млн теңгесін автобуста ұмытып кеткен жолаушыға ақшасы қайтарылды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Қуаныштысы жағдай оңынан шешілген екен.
17 шілдеде № 81 бағыттағы автобустардың бірінде жолаушылардың бірі кездейсоқ ірі ақша сомасы – 1 200 000 теңге бар пакетін ұмытып кетті. Бақытқа орай, пакетті басқа жолаушы байқап, оны автобус жүргізушісіне береді. Осылай пакет иесіне қайтарылды.
Біз жолаушыға бей-жай қалмағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Мұндай қадамдар бәрімізді игі істерге шабыттандырсын!, - деп жазады CTS.