Фото: Ашық дереккөзден
Елордада 21 жастағы жігіт жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 40-тан астам студенттің ноутбуктарын алдап алып, сатып жіберген, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
"Полицейлер ломбардтардан ұрланған ноутбуктердің басым бөлігін тәркіледі. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт кінәсін мойындап, қамауға алынды. Полицейлер оның қала аумағындағы осындай алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша пайдаланамын деген желеумен достарынан ноутбук алуды әдетке айналдырған. Алайда ол кейінірек барлық ноутбукты ломбардқа өткізіп, түскен ақшасын интернеттегі ойынға бәс тігуге салып, ұтылып қалған.