Фото: ашық дереккөз
Елордадағы мектептердің бірінде кәмелетке толмаған жоғары сынып оқушысы бұрын осы мектепте бірге оқыған қызбен бұзақылық ниетпен сыныптардың біріне газ баллонын шашқан, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға кезінде сыныптағы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеген.
Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталып, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілді. Белгілі болғандай, газ баллонын шашқан жасөспірім бұған дейін бірнеше рет үйінен себепсіз кету дерегі бойынша профилактикалық есепте тұрған.
Оқиғаға байланысты білім беру мекемесінде профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру шаралары жүргізілді. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.
Сондай-ақ ата-аналар балаларының әрекеті және оларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Полиция мұндай әрекеттердің жай еркелік емес, айналадағы адамдарға қауіп төндіретінін ескертіп, ата-аналарды балалардың мінез-құлқына мұқият болуға шақырды.
