16 сәу, 2026 сағат 15:45

Қазнетті шулатқан видео: күйеу мен бөгде қыз кинотеатрда ұсталды


Фото: видеодан скриншот
Қазнетте күйеуі әйелінің көзіне шөп салғаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды Ult.kz

Онда әйел кенеттен кинотеатрда күйеуін бөтен қызбен көріп қалып, ашуға бой алдырғандай әсер қалдырады. 

Сонымен қатар күйеуінің жанындағы қыздың қолында үлкен гүл шоғы бар. Оқиға барысында қыз гүлді жігітке лақтыра салып, кетіп қалады. 

Ал ашуланған әйел күйеуін гүлмен сабап жібереді.

Бұл көрініс көпшіліктің қызығушылығын оятып, көрермендердің қызу талқысына түсті. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып, бірі мұны "әдейі ұйымдастырылған қойылым" десе, енді бірі ер адам шын мәнінде "әйелінің көзіне шөп салған, бірақ ұсталып қалған" деп санайды.