Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жеткіншекті пышақтап кеткен видеосы тарады. Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Stan.kz -ке сілтеме жасап.
Бейнежазбадан ер адамның өзінен бірнеше қадам алыста тұрған жасөспірімге атылғанын көруге болады. Сондай-ақ баланың анасы оқиға болған соң 40 минуттан кейін келгенін айтты.
Болған жағдайға қатысты Астана қаласының полициясының мәліметінше, баланы үш жерден пышақтаған.
“Сол жақта бел аймағындағы бүйрек орналасқан жер, жауырынның үстіңгі жағы, яғни оң иығы және оң қолының тамыр орналасқан жерін пышақпен жарақаттаған. Бұрын бірнеше рет сотталған, атап айтқанда 2001 жылғы 10 маусымда ҚК-нің 103, 178-бабымен 5 жылға бас бостандығынан айырылған, 2007 жылғы 11 мамырда 130, 179, 120-баптары бойынша сотталған,2007 жылғы 11 мамырда ҚК-нің 130, 179, 120, 121-баптары бойынша 16 жылға бас бостандығынан айырылып, 2024 жылғы 9 ақпанда ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан шектелген Садуев С.О. мерзімін толықтай өтеген жоқ. 42 жастағы күдікті әлі пробациялық бақылауда. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталғанына дәне қазір пробациялық бақылауда болғанына қарамастан, тағы бір қылмыс жасады”, – делінген хабарламада.