12 мау, 2024 сағат 11:08

Астанада енді жедел жәрдем дәрігерлері шақыртуларға таксимен барады


Астанада енді жедел жәрдем дәрігерлері шақыртуларға таксимен барады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

«Күту уақытын қысқарту мақсатында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы көлік құралдарын жалдау шартын жасасты. Мұндай көлік құралдары жедел жәрдем бригадасы жеделдіктің 3-4 санаты бойынша шақыртуларға шығуы үшін қарастырылған. Аталған санаттар бойынша пациентті тасымалдау, сондай-ақ көлікті медициналық жабдықтармен жарақтандыру талап етілмейтінін атап өткен жөн», – деп мәлім етті Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.