Фото: «Дала қырандары» қорынан
DFC турнирі, әлемдік деңгейдегі жауынгерлердің тартысты жекпе-жегінің алғашқы күнін спортшылардың салмағын өлшеу рәсімінен бастап, ел намысын қорғайтын және олардың қарсыластарын жанкүйерлерге таныстырды.
Фото: «Дала қырандары» қорынан
Жауынгерлер журналист, блогерлер мен жанүйерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жекпе-жекке арналған болжамдарымен бөлісті. Мысалы фанаттарының қарсыласы туралы қойылған сұрағына Еркебұлан Тоқтар:
«Жекпе-жекті екінші раундта аяқтаймын»- деп жауап беріп, көрермендерге қызықты күрес уәде етті.
Фото: «Дала қырандары» қорынан
Face to face таласқа түсетін спортшылардың арасындағы маңызды сәттің бірі болғандықтан жауынгерлер қарсыластарын көрермен қасында бүгін-ақ ойрата салуға дайын екенін көрсетті.
DALA FIGHTING CHAMPIONSHIP (DFC) — әлемдік деңгейдегі спортшылардың басын қосқан және Қазақстанның спорттық намысын қорғап, әлем аренасында беделін арттыруға арналған ірі жоба. Ауқымды іс-шараны «Дала қырандары» спортты қолдау ұлттық қоры ұйымдастырды. Турнирдің басты идеясы спортшылардың кәсіби деңгейге жету жолын жанкүйерлерге көрсету. Бұл идеаны ертеңгі жекпе-жектің басты картында өнер көрсететін Василий Тахтай алға тарқан. Ол қазіргі таңда жеңіліссіз 9-0 сериясымен және жастарды қолдау, оларға спорттық шеберлікке жетуде жан-жақты қол ұшын созатын спортшы ретінде танылған.
‘‘DALA FIGHTING CHAMPIONSHIP ММА дан алғашқы турнир. Бұл еліміздің спортшыларырына Қазақстан намысын әлемдік деңгейде қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда турнирде оннан астам мемлекеттің жауынгерлері қатысып жатыр. Турнир «Дала қырандары» спортты қолдау ұлттық қоры тарапынан ұйымдастырылғанын айтып өткен жөн. Қордың алға қойған мақсаты еліміздің жастарын спортқа баулу және әлем аренасында спортшыларымызды таныту’’- деп отыр Мейірболат Тоитов бокстан әлемдік деңгейдегі спорт шебері, «Дала қырандары» ұлттық қорының координаторы.
Фото: «Дала қырандары» қорынан
Василий Тахтай бастаған еліміздің спортшылары дүниежүзілік рейтингте өз орнына ие шетелдік спортшылармен тартысқа түседі. Атап айтатын болсақ басты картта Василий Тахтаймен жекпе-жекке шығатын Америкалық Уилл Чоп (42-21) әлемге аты шулы UFC-де өнер көрсеткен. Жекпе-жектің деңгейін осыдан-ақ сезінуге болатын сияқты.
Василий Тахтай қарсыласының UFC- де бірқатар жекпе-жек өткізгенін, оның бойы 2 метрге жететін ыңғайсыз жауынгер екенін айтып өтті.
Турнирде жалпы 12 жекпе-жек өткізілу жоспарланған. Олардың қатарында спорт жанкүйерлеріне ең қызықты деп есептеліп отырған қазақ ММА -дағы мегажұлдыз Еркебұлан Тоқтар (8-3) мен Египет елінің жауынгері Эльсаида (11-7) арасындағы тартыс.