17 мау, 2024 сағат 12:12

Астанада бірден 16 автобустың маршруты өзгерді

Сурет: Википедия

City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін хабарлады. 

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №10, 12, 29, 29А, 32, 37, 40, 46, 51, 57, 302, 303, 308, 309 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Бүгін таңертең сондай-ақ №201,203 маршруттар да басқа жолмен жүретіні белгілі болды.

«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» - деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен. 


Бұған дейін Астана автобустарында билетсіз жолаушыларды анықтайтын жаңа камералар орнатылғанын жазған болатынбыз.