Сурет: Мир24
Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Мұндай есімді адамдардың басым бөлігі ерлер — 17 адам, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.
Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар.
Бұлар — Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.