06 ақп, 2023 сағат 15:22

Астана тұрғыны 7 млн теңгесін пойызда ұмытып кетті

"Жолаушылар тасмалы" АҚ баспасөз қызметі

Елорданың 43 жастағы тұрғыны пойызда 7 млн теңгеге жуық ақшасын ұмытып кеткен. Көлік полицейлері тез арада сөмкені тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

3 ақпан күні 43 жастағы астаналық Алматы – Орал пойызында 4 млн теңге және 6 мың доллар салынған сөмкесін ұмытып кеткен.

Ер адамның айтуынша, ол Есіл стансасынан шыққан. Үйге барғанда сөмкесі жоқ екені есіне түскен. Осыдан кейін елордалық көлік полицейлерінің көмегіне жүгінген.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары сөмкені тауып, иесіне қайтарды.

Ер адам қызметтік міндетін адал атқарған полицейлерге ризашылығын білдірді.

"Қызметкерлер бірден әрекетке көшті. Пойыз бастығымен байланысқа шығып, сөмкенің қайда жатқанын анықтады. 6 сағат өткеннен кейін құжаттарым және ақшам өзіме тапсырылды. Полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамын", - деді Астана тұрғыны.