13 мау, 2024 сағат 15:22

Астана автобустарында орнатылан жаңа камералар билетсіз жолаушыларды анықтайды

Сурет: Gov.kz

"City Transportation Systems" ЖШС "Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі" инновациялық жобасын іске қосады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, билетсіздер санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру.

"Жобаның пилоттық кезеңі аясында 2 мамырда №24 маршруттың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер және борттық компьютер орнатылған. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады. Бұл билетсіз жолаушылар санын, маршруттың уақыты мен учаскелерін дәл анықтауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.


Бейнебақылау пилоттық жобасы іске қосылған сәттен бастап бір автобуста жүйемен 2 мыңнан астам билетсіз жол жүру жағдайы анықталды. Бұл пилоттық жоба болғандықтан, жолаушыларға айыппұл салынбаған.