ҚР Қарулы күштерінде вакциналау жүргізу үшін жеке құрамның басым санаттары айқындалып, оны алу кезектілігі жоспарланды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«ҚР Қарулы күштерінде наурыз айында COVID-19-ға қарсы екпе жұмыстары басталады. Екпе жүргізуде жеке құрамның басым санаттары айқындалып, оны алу кезектілігі жоспарланды. Әскери қызметшілердің пікірлері алдын-ала зерделенді. Барлығы коронавирусқа қарсы екпенің қажеттілігін қолдайды», деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.