Фото: © Sputnik / Виталий Аньков
Мәжіліс депутаты, спорт ардагері Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы табылды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"3 шілдеде Ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б.-ның орналасқан жері анықталды.
Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.