Үкімет басшысы Асқар Мамин ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Біржан Нұрымбетовті таныстырды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Үкіметінің басшысы Бердібек Сапарбаевқа қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Оның басшылығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша қойған міндеттерін шешуге қатысты жүйелі жұмысты ұйымдастырды.
Жаңа министрді таныстыру кезінде Асқар Мамин Біржан Нұрымбетовтің әлеуметтік саладағы 20 жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті. Түрлі жылдары ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары лауазымында болды. 2017 жылдан бастап ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.
Президент Жарлығымен министрліктің жаңа басшысы болып Біржан Нұрымбетов тағайындалды.