Сенат спикері Мәулен Әшімбаев палата жаңадан сайланған депутат Гүлмира Кәрімованың өлімінің себебін зерттемейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Сенат ешқандай тергеу жүргізе алмайды және жүргізбейді де. Жалпы, бұл заңға сәйкес емес. Менің ойымша, бұл жағдаймен туыстары мен дәрігерлердің өздері айналысты. Тиісті себеп айтылды. Бұл мәселені енді талқылаудың, бірдеңе айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Дәрігерлер тиісті қорытынды жасады, бізде оған күмән келтіруге негіз жоқ. Мен бұл тақырыпты одан әрі айтпауды, осымен жабуды сұраймын. Бұл адами тұрғыдан дұрыс болады", - деді Әшімбаев Сенат отырысында.