03 қаз, 2022 сағат 11:55

Әсел Жанасова "Қазпошта" басшысы болды


"Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы болып бұған дейін сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарған Әсел Жанасова тағайындалды. Шешімді "Самұрық-Қазына" қорының басқармасы қабылдағаны хабарланды. Бұл туралы қордың Telegram-арнасында жарияланды.

Еске салайық, бұған дейін Жанасова сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылған еді.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы ENRC Kazakhstan өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастаған.

2016-2017 жылдары - "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.

2018-2020 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.