24 сәу, 2018 сағат 10:13

Арзан бензин жағатын көлік көп, ал бензин жоқ

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда бүгінгі таңда Қазақстанда 356 мың автокөлік Аи-80 бензинін құяды екен. Соның ішінде олардың 138-і мүгедектердің, 128 мыңы мотокөліктердің үлесіне тиеді.

АИ-80 бензині АИ-92 бензиніне қарағанда екі есе арзан, сапасы да төмендеу. Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кеден одағының регламенті экологиялық тұрғыдан таза бензинге көшуге байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап К2 және К3 экологиялық класына жататын бензиндердіҚазақстан аумағында сатылмайтын қылды. Алайда бұл Аи-80 (ол К4 және К5 жатады) бензинін өндіруге немесе сырттан сатып алуға тыйым салынады деген сөз емес. Бірақ аталмыш регламентті сылтауратқан барлық ЖЖС қожайындары арзандау АИ-80 қарағанда көбірек табыс әкелетін қымбат бензиндерді сату пайдалы болғандықтан АИ-80бензинін барлық ЖЖС-тенжоғалтып үлгерген.

Сонда жоғарыда аталған көліктер немен жүруге тиісті? Амалы жоқ олар моторларын басқа бензинге бейімдеуге мәжбүр. Ал бұл арзан емес, қып-қызыл шығын. Оның үстіне кейір көліктердің агрегаттары бейімдеуге жарамайды.

Осы мұқтаждарын айтып Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының депутаттарына шағымданған халықты жуырда Айқын Қоңыров бастаған депутаттар қолдап, үкіметке АИ-80 бензинін өндіру мен сатуды жаппай қысқартуды кейінге қалдыру туралы өтініш жасады. Бірақ оны үкіметтің қолдар-қолдамасы белгісіз.

С.Елеу,

сарапшы