"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Металлургиялық комбинаттың кокс-химиялық өндірісінде тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.
"Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталды", - делінген хабарламада.