03 қар, 2022 сағат 18:15

"Арселор Миттал Теміртауға" қарасты 8 шахтаның жұмысы тоқтатылды


"Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қарасты 8 шахтаның жұмысы бір тәулікке тоқтатылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі таңда "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ға қарасты барлық шахтадағы жұмыс қосымша түсіндіру жұмысын жүргізіп, учаскелерді тексеру үшін және шахтаға түсетін жұмысшылардан сынақ қабылдау үшін бір тәулікке тоқтатылған. Ертең оның жетеуінде жұмыс қайта жанданады. 

Ал Ленин атындағы шахтаның жұмысы туралы шешім апат салдарын жою бойынша барлық шара жүргізіліп, сараптама комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін ғана қабылданады.

Қазір ондағы өрт жойылды. Құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері аумақты желдетіп жатыр», - деді Юрий Ильин.