"Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі
Қазақстанның арнайы ХҚКО-лары 7 және 8 шілдеде жұмыс істемейді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
"7 және 8 шілдеде ҚР ІІМ ӘПК ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларының жұмысы тоқтатылады. Бірақ бұл күндері кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары қызмет алушыларды қабылдай береді" - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 6 және 9 шілде еліміздің ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары үшін демалыс күндері болып есептеледі. Ал дүйсенбі, 10 шілдеде МХҚО-лар штаттық режимде жұмыс істейді.