28 жел, 2021 сағат 16:51

Арабтар елдің шығысына инвестиция салмақ


Орталық коммуникаиялар қызметінде ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевпен өткен брифингте Шығыс Қазақстандағы екі бірдей су электр стансаның неге сатылымға шығарылғаны туралы сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр Мағзұм Мырзағалиев бұл инвестициялық жобаның Қазақстанға не беретін қысаша былай деп түсіндірді: 

«Жалпы біз өз жұмысымызда әрдайым елде жағымды инвеститицялық климат қалыптастырып, шетел инвестициясын тартуға тырысамыз. Бұл өте маңызды. Араб инвесторларымен ШҚО-ғы 2 су электр стансасының 74,99 пайыз акциясын сату бойынша жүргізіп жатқан келіссөздер не үшін қолға алынды. Неге біз ол нысандарды сатқымыз келеді? 

Біріншіден, ірі араб компанияларын ГЭС-терден бөлек Қазақстанның жалы энергетика саласына инвестиция салғызу үшін тартып отырмыз. Араб компанияларымен 6 млрд доллардан астам инвестиция әкелу мәселесін талқылап жатырмыз. Бұл біздің елге, энергетика саласына керек жақсы инвестициялар», - деді министр.

Айтуынша, мемлекет бақылауында қалатын 25 пайыздан сәл асатын акция пакеті саладағы ахуалды реттеп отыруға әбден жеткілікті.

«74,99 пайыз акциясы сатылады дегенге келсек, өз құзырымызда 25 пайыздан астам акциясын қалдырғымыз келеді. Осы арқылы «бұғаттау құқығын» беретін акция пакеті мемлекеттің қолында болады. 

Үшіншіден, ГЭС-тер туралы айтқанда, инвесторлармен сол нысандардың қуатын арттыру бағытында келісу өте маңызды. Яғни, қазір бұл екі стансаның жалпы қуаты 1ГВт-тан сәл асады. Бірақ Шүлбінің бойында жаңа ГЭС каскадын салу мүмкіндігі бар. Бұл стансаның қуатына тағы 500-600 МВт қосуға мүмкіндік береді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.