04 қаз, 2024 сағат 10:44

"Антикордан қоңырау шалып тұрмыз": Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ескерту жасады


Алаяқтар азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайды, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырып отыр.

"Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз. Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз", - дейді Антикор өкілдері.


Ведомстводағылар Желіде сондай қоңырау шалған алаяқтар туралы видео да жариялаған. Онда алаяқ Антикор өкілімін деп танысып, алдағысы келгенін тыңдауға болады.