Сурет: ашық дереккөз
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталды деп айыпталды.
Сондай-ақ, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікті.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.