31 нау, 2026 сағат 13:03

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті

 

Коллаж: turkystan.kz


Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Ult.kz.

 

Әлеуметтік желіде тараған хабарламаға сәйкес, Баир 2026 жылғы 24 наурызда сағат шамамен 13:20-да Коперник көшесі, 114-үйден шыққан, сол кезден бері байланыс жоқ.

 

Оның сипаттамасы: бойы 180-185 см, арықша келген, шашы қысқа қара, көзі қоңыр, үстінде қара спорттық костюм болған.

 

Алматы Полиция департаменті ақпаратты растады. Медеу аудандық полиция басқармасы іздестіру жұмыстарын бастап, кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр.