06 қыр, 2023 сағат 11:12

Әнипа Назарбаева Алматы облысындағы колледжінен айырылды - БАҚ

видео кадры

Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева Алматы облысындағы колледжінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы "Пятый регион" сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, мамырдың аяғында Шамалғанда орналасқан "Үшқоңыр су шаруашылығы колледжін" мемлекеттік меншікке қайтаруға қатысты сот өтті.

2022 жылы қыркүйекте облыстың қаржы басқармасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Әбішқызы Назарбаеваның мекемесі "Әнипа" ЖК-ның үстінен сотқа арыз жазған. Колледж бұл компанияға өндіріп алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген.

"Алматы облысының қаржы басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі мен Әнипа Әбішқызы Назарбаева атынан "Әнипа" жеке кәсіпкері арасында жасалған 2016 жылғы 7 шілдедегі №3 "Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару шартын бұзылсын", - делінген іс материалдарында.